👈 қаріп өлшемі 👉

  Өлеңдер ✍️

  23.05.2022
  39


Автор: Сергей Есенин

Ақын болу – өзіңді-өзің аямау...

Ақын болу – өзіңді-өзің аямау,
Айта білу ақиқаттың шындығын.
Адамзатты алақанда аялау,
Және оның әшкерелеу сұмдығын!
Ақын болу – ауыздықтау Уақытты,
Тағдырым деп тану және жыр-әнді.
Бұлбұл одан әлдеқайда бақытты
Қайталаудан жалықпайтын бір әнді.
Қалай әнші дей аларсың әңгіні?
Бақалар да бақылдайды өзінше.
Бытпылдықтың кімге керек сәнді үні,
Көрер көзге жалғандығы сезілсе.
Құлқыңа сын –
Жараттың не, жаратпа,
Мұхаммедтің Құрандағы тиымын.
Ақын қалай құнықпайды шарапқа,
Сала берсе, кесеге көз қиығын.
Әлдебіреу іске асырып «арманын»
Ардағының былғаса да ар-жанын,
Көре тұрып көзіне шөп салғанын,
Жан жарына сілтемейді қанжарын.
Күйік меңдеп ішпедің не, іштің не,
Мұның өзі ежелден-ақ ерге анық.
Кете барар қара жолдың үстінде
Ысқырығы, түшкірігі жер жарып.


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы