Өлеңдер ✍️

  23.05.2022
  112


Автор: Сергей Есенин

Көгілдір ауа, көк тұнық...

Көгілдір ауа, көк тұнық,
Сағыммен сәнді сонау шың.
Аптапқа ерін кептіріп,
Барасың қайда, Жолаушым?
Көгілдір ауа, көк тұнық...
Алдыңда – сайран сәнді бақ,
Көз тартар гүлдер әрқилы.
Жасарып көңіл, жан қунап,
Ауада әтір аңқиды.
Алдыңда – сәруар сәнді бақ.
Таралса бойға күн нұры,
Талықсып кетер тал бойың.
Сыбдыр мен бақтың сыңғыры
Сағади салған әндейін.
Талықсып кетер тал бойың.
Мен ғана емес, масаң гүл,
Қаперсіз, қамсыз, жан тыныш,
Перімен бірге Хасанның
Сыбызғы сазын сарқып іш.
Мен ғана емес, масаң гүл.
Сарғайса өңі санамның,
Сабасы қайда ақылдың?
Аңқыған исін самалдың
Алқына жұтып жатырмын.
Аңқыған исін самалдың...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу