Өлеңдер ✍️

  23.05.2022
  116


Автор: Сергей Есенин

Таңнан тұрып оят мені...

Оят таңның арайымен,
Оят мені, жан анам.
Жолдан күтіп алайын мен
Қонағымды қалаған.
Көрдім шалғын арасынан
Көмескі ізін күйменің.
Алқын желдің аласұрған
Алтын доға игенін.
Қызыл қылшық құйрығымен
Тұрған шақта бие ойнап,
Таңнан тұрып, жүйрігіммен
Тартпасыма кім айғақ?
Ерте оятып жібер мені,
Көзім Күнмен көріссін.
...Болады деп жүр ел мені
Мықты ақыны орыстың.
Өнеріме бір табынар,
Ұмытпаса ғұрпын ел.
Ағыл-тегіл сүт ағылар
Сары сиыр үрпінен...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу