Өлеңдер ✍️

  23.05.2022
  119


Автор: Сергей Есенин

Саған қарау аянышты һәм мұңлы...

Саған қарау аянышты һәм мұңлы,
Қайда сол бір мөлдір, желбір қыз бала?
Қойсайшы бұл ақыр-тақыр тағдырды,
Ендігі еншің – күрсіні мол күз ғана.
Өкінбеймін, Шақырмаймын, Жыламан ...
Таскенеше жабысты екен қанша ерін
Жас денеңе қызығып та үзіліп?..
Қандыра алмай жүрсің бе екен жан шөлін,
Көзіңді ілмей, Көңілің нілдей бұзылып?..
Жә, несі бар!
Керегі не үркудің?
Кімнің мұңын шынтуайтта кім ұғар?
Өмір деген өзгермелі шіркіннің
Өңі, түсі.. күнгейі мен күні бар...
Маңдайымның шамшырағы жанса да
Марғау ғұмыр кеше алмадым тамсана.
Кемшіліктер кетті менен қаншама,
Өмір өксіп өтті менен қаншама...
Сылқым дүние –
Сырласым да мұңдасым,
Саған кімнің қышып жатыр иегі?
Көрмеймісің ақ қайыңның сұлбасын,
Қабірдейін қаңсып қалған сүйегі?..
Ерте ме кеш...бір келеді құрбан шақ,
Біз де қунап, қуарармыз дәл өстіп.
Қыс кезінде қызыл-жасыл гүлді аңсап
Қайғыру да, Айға ұлу да әбестік.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу