Өлеңдер ✍️

  23.05.2022
  134


Автор: Сергей Есенин

Ай ұқсайды аттыға....

Ай ұқсайды аттыға
Тізгінінен айрылған.
Жанға тыным таптыра
Леп еседі айдыннан.
Жалт-жұлт етіп сырғасы
Судың беті дір қақты.
Қарауытып сұлбасы
Төңіректі түн жапты.
Қырық бұрым өрілген
Сәмбіталдың шашын-ай!
Бақытынан жерінген
Қайран, бақыр басым-ай...
Аққу әні көліңнен
Естілсе екен таңертең: –
Көз ұшынан көрінген
Жәннат өңді жан Өлкем!
Көңілдегі күмәнді
Жуып-шайып күнбе-күн,
Өмірдегі күнәмді
Кешер екен кім менің?
Барлығыңа ел сенбей,
Жоқтығыңа сен сенбей,
Белсенбей де теңселмей
Есіңді жи, ей, Сергей!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу