Өлеңдер ✍️

  23.05.2022
  133


Автор: Сергей Есенин

Досым менің – қошым менің ең соңғы....

Досым менің – қошым менің ең соңғы,
Күнә меңдеп...мына мендей дал болма.
Сәл де болса көтерейін еңсемді,
Шырқа, шырқа! Гитараңды ал қолға!
Көзің сатып көзойнаққа қайтесің,
Елес құрлы алмайтұғын мені еске.
Жадыларша жарқыратып Ай-төсін
Ол шіркінің есімді алды емес пе?!
Айтшы әніңді,
Ашшы ауызын жараның,
Жанарымды толтырайын жасқа мен.
Қасын қаққан қасымдағы қарағым
Мияуласып кетсінші әрмен басқамен!
Жә, тоқташы. Болмайын тым әуейі,
Оның, менің түбімізге жетті ойнақ.
Одан гөрі... өмірімнің әуені
Бебеу қақсын гитараңда шек бойлап.
Тағдырды екшеп таразыға салсаңыз: –
Пешенелі пендеміз ғой баршамыз.
Көңіліме серік болды қанша қыз,
Желігіме жерік болды қанша қыз...
Өкінбеймін, Шақырмаймын, Жыламан ...
Бала кезден бергі өмірден көргенім –
Бұл фәниде айғыр аз да, байтал көп.
Көрінгеннің өтеп жүрген ермегін
Сабырсызды сан соқтырған сайқал көп.
Олай болса қызғанғаным не керек,
Олай болса құр бос әуре сағыныш.
Біздің өмір – төсеніш пен кереует,
Біздің өмір – сүйісу мен шағылыс...
Шырқап жібер!
Жау алған жоқ оншама,
Естілерге ертелі-кеш ем ғой мұң...
Құрсын бәрі!
Қырық жыл қырғын болса да,
Мен өлмеймін,
Ешқашанда өлмеймін!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу