👈 қаріп өлшемі 👉

  Өлеңдер ✍️

  23.05.2022
  31


Автор: Сергей Есенин

Мына өмірден...

Мына өмірден –
Кір өмірден зеріктім.
Ал, сырнайшым, әуеніңді соз, кәні.
Неге келдім бұл жалғанға?
Нені ұқтым?
Шерлі күйің шермендемді қозғады.
Мен қосылам,
Сен де қосыл, әй, қаншық!
Менде кімнің,
Менің кімде қалды ақым?
Жан-тәніңді маған ғана жайғансып
Маңдай керме,
Арбай берме, салдақым.
Сені егінге қарауыл ғып қояр ма ем,
Үркітуге торғай менен қарғаны.
Шарап ішкен,
Тарамыспен, аярмен
Тартысуға, шарпысуға хал кәні?
Сарна, сырнай!
Арбасудай сен де арбас!
Мен де ішейін,
Сен де, албастым, зәріңді іш.
Енді мендей есалаңға ем қонбас,
Жүрек емес, кеудемдегім – Жарылғыш!
Білем, білем,
Секектеген сендей көп
Барын бұлдап,
Жанын былғап, тән сатқан.
Көктемдегі көкала мұз сеңдей боп
Мен бейбақты мезі қылған, шаршатқан.
Барылдаған,
Жарымжан ән,
Тарғыл үн
Бара жатыр бірден-бірге ұлғайып.
Аспан көшіп...
Бастан кешіп барлығын,
Көлеңкесін келе жатыр Жын жайып...
Шымшылаған,
Қыңсылаған кіл қаншық
Кезек-кезек жалап жатыр жарамды.
Кімге керек жанарыма тұнған шық?
Жетер, жетер! Батырайын қарамды!..


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:



Пікір жазу


Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы