Өлеңдер ✍️

  23.05.2022
  97


Автор: Сергей Есенин

Оралу жоқ!

Оралу жоқ!
Жөнім де жоқ қалатын,
«Қайыр, қош...» деп қара жолға түстім мен.
Қайың, терек енділікте сары алтын
Жапырағын жаудырмайды үстімнен.
Жатаған үй..
Бой бәкене,
Пәс кеулім.
Көліне оның үйрек ұшып, қаз қонбас.
Иір-шиыр көшесінде Мәскеудің
Кім біледі, жазым болар жазған бас...
Бола қойсын қойны-қоншы мас, мейлі,
Бұл қаладан ала алмайды Күн көзін.
Азияны әлі күнге жас дейді,
Күннің өзі құлай сүйген күмбезін.
Айлы ақшам...
Қала ұйқымды қашырды,
Жарымес жан жарты жолдан қайта ма?–
Саяқ келем салбыратып басымды,
Барар жерім – баяғы сол Мәйхана.
Ығы-жығы.
Жалаңаш пен шала мас...
Кім біледі, құнсыз ба, әлде құнды ма,
Таң атқанша ащы-тұщы аралас
Жырды ағытам жезөкше мен жындыға.
Сергей Есенин
Жүрек жүрдек,
Көңіл көксау,
Жанар мұң.,
Жоқты-барды оңды-солды оттаймын:
«Дәл сендердей мен де біткен адаммын,
Дәл сендердей менің де әсте жоқ қайғым!»
...Жатаған үй,
Бой бәкене,
Пәс кеулім,
Көліне оның үйрек ұшып, қаз қонбас.
Иір-шиыр көшесінде Мәскеудің
Кім біледі, жазым болар жазған бас...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу