Өлеңдер ✍️

  23.05.2022
  131


Автор: Сергей Есенин

Сөкпе мені...

Сөкпе мені,
Дәл солай!
Тіліме ылғи бал тұнбас.
Жадау тартып жансарай,
Ауырлады алтын бас.
Керек емес мәзірің,
Елеске ерте еріппін.
Қаладан да қажыдым,
Даладан да зеріктім.
Тастаймын да бәрі-бәрін,
Бастаймын бір «жұмысты».
Ендігі бар арманым –
Кезіп кету Русьті!
Кітап, өлең дегенді
Ұмытам да біржола,
Жоғымды іздеп мен енді
Жолға шығам үр жаңа.
Желге беріп ырықты,
Болам анық жынды мен.
Селк еткізіп ымыртты
Ышқынып бір сіңбірем!
Жындысүрең деп күнде
Қақ жерімес құланнан.
Ұрыстың не, сөктің не,
Онсыз өмір сүре алман.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу