Өлеңдер ✍️

  23.05.2022
  145


Автор: Ерлан Рымбек

Қазағым елім алашым

Қазағым елім алашым.
Қазақ елім алашым,
Мен үшін сен дарасың.
Неге сонша дәл бүгін,
Осалданып барасың.
Намыстың жүзі қайралмай,
Өзіңнен өш аласың.
Тіліңді және балталап,
Ұлтыңды турап шабасың.
Қыздарың тисе қытайға,
Көрсетпесін қарасын.
Қаймағын бұзып ұлтымның,
Сатты ақшаға анасын.
Бақа,шаян, ит жеген,
Қарындасқа қарашы.
Саясаты қытайдың,
Көздегені шамасы.
Қарусыз басып алмақшы,
Қазағымның даласын.
Сол қыздарды қайтеміз,
Қытай қылған баласын.
Есіңді жый қазағым,
Қашан жауға шабасың.
Үш жүздің басы қосылмай,
Бүр күні құл боп қаласың.
Шынжырына байланып,
Қасырет қайғы табасың.
Анамдай алтын жерімді,
Бергенше күйсін жан асыл.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу