Өлеңдер ✍️

  23.05.2022
  413


Автор: Ерлан Рымбек

Жанат нағашыма

Әр кезде шабытымды қайрайтұғын,
Уәдесінен ешқашан таймайтұғын.
Нағашым бар өзі кербез Жанат деген.
Келсем қырық серкешін байлайтұғын.
Ес білгелі нағашы деп көрмедім,
Білемін сіз арқылы өнгенім
Құрмет тұтып «Кербез» аға деп айтып.
Басымды иіп алдыңызда келемін.
Жазамын бұл өлеңді сіз үшін тек.
Нағашым тарылмайтын тынысым деп,
Мен сізді жақсы көрем, нағашыжан,
Ардақты анашымның інісі деп.
Аяулы інісі деп анашымның,
Алдыңызға келіп мен баласындым.
Жиеніңнің қамын ойлап жүгіргенде,
Пейіліңді нағашым панасындым.
Мен сізбен марқайып, шаттанамын,
Сіздей жанның барына мақтанамын.
Сіз айтқандай өзгеге қиянат қып,
Біреудің ала жібін аттамадым
Әр ақылың нұрландырып санамды,
Есіме саласыз-ау анамды
Сіз ауырып қалды десе біреулер,
Болады көңілім бір сәт алаңды.
Қабақ шытсаң, қалатынбыз қиналып,
Сонда да біз нағашы деп сыйладық.
Бойымда бар тектіліктен дарыған,
Жиенге тән ізеттік пен ибалық.
Кербез аға мен үшін,
Ақылдың ойдың кенісің.
Қанатың талмай әрқашан,
Еңбектің тарлан ерісің...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу