Өлеңдер ✍️

  23.05.2022
  183


Автор: Ерлан Рымбек

Достарым

Әзілі мен қалжыңы жарасқан,
Достарымның күлкісін сағындым.
Көргенде самайларын ақ басқан,
Ұл-қыздарды мен әрең таныдым.
Келмес қайтып алтын уақыт,
Сағындырған балалық шақ.
Солбір кездер неткен,неткен бақыт,
Жүруші ек күліп-ойлап жарасып-ақ.
Қайырмасы:
Достар,достар,достар,
Сендерден асқан қандай дос бар.
Кездесуге келген құрдастарым.
Достар,достар,достар,
Достық деген ол бір дастан,
Жан қимас достарым.
Келмес қайтып, өткен күндер,
Жалындаған қызықты сәт.
Біздің қыздар жанып тұрған гүлдер,
Ал ұлдар,ұлдар болды бұзық бірақ.
Отыз жылды, отыз күндей,
Тойлатайық құрдастарым.
Бұл өмірде достар барма біздей,
Аман болшы менің жан достарым.
Қайырмасы:
Достар, достар, достар,
Сендерден асқан қандай дос бар.
Кездесуге келген құрдастарым.
Достар, достар, достар,
Достық деген ол бір дастан,
Жан қимас достарым.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу