Өлеңдер ✍️

  23.05.2022
  317


Автор: Ерлан Рымбек

«Әділет» колледжінің ұраны

Әділет жалынды ұраным,
Биікке самғаған қыраным.
Жүректі тербейтін,
Алауы сөнбейтін,
Ұрпаққа жол ашқан жыр-әнім.
Әділет ата-заң тірегі,
Ата-заң біз үшін киелі.
Білімді жастармыз,
Жақсыға дастанбыз
Деп соғар ақ ниет жүрегім
Әділет колледжі айбатты,
Білімді ісімен қайратты.
Тұлпардай шабамыз,
Жұлдыздай жанамыз
Көтеріп бәріміз байрақты.
Қайырмасы:
Әділет,Әділет,
Жастарымыз түлеп ұшқан жалынды.
Әділет,Әділет,
Сатпайтұғын адамдық пен арымды.
Әділет,Әділет,
Әділдіктің ақ жолында мен бүгін.
Әділет,Әділет,
Серт беремін еліме арнап әнімді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу