Өлеңдер ✍️

  23.05.2022
  1611


Автор: Ерлан Рымбек

Нағашылар

Ана жұрты,мен үшін жанашырлар
Жанымды жадыратар жан асылдар.
Сүйенішім,қорғанышым сынға салған,
аман-түгел ар ме екен нағашылар?!
Әр жиеннің өзіндік бағасы бар,
Анаңның төркінімен жарасып ал .
Жиен деп еркелетіп барын берген,
ет жақыным қайда жүр – нағашылар?!
Мен үшін сіздер бөлек дарасыңдар,
Ардақты анамыздай данасыңдар.
Патша көңіл сіздерді аңсайды ғой,
Қуанышымды бөліскен нағашылар.
Ақ жаулықты, өнегелі анасы бар,
Анасынан туғандардың санасы бар,
деп бізге еркелетіп күнде айтатын
Жүрме екен, аман-есен нағашылар!
Бәйтеректей, жемісті нағашың бар,
Жемісі солса жалғыз қаласыңдар.
Бар тілегі – біздей ақын жиеннің,
аман-түгел болыңдар, нағашылар!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу