Өлеңдер ✍️

  23.05.2022
  155


Автор: Ерлан Рымбек

Аманбысың қарттарым....

Аманбысың қарттарым,
Ойлаған туыс-жат қамын.
Ниетімді ақ қардай,
Өзгелерге сатпадым.
Жанға батқан дертіңнен.
Сідерді Аллам сақтағын.
Жүрегім менің сезеді,
Мейірімді жалғыз хах барын.
Сүрініп, құлап күн кешсем,
Ешкімге кіна артпадым.
Екі қолды бос қойып,
Жанымды бағып жатпадым.
Жырымды сүрлеп мен бүгін,
Шаттанып-ақ жатқаным.
Қырықтың дәмін татсамда,
Келмейді күна артқаным.
Пешенеме жазылса,
Жетермін сіра баққа мың.
Артық болмас нар халқым,
Елудің дәмін татқаным.
Қанша ғұмыр сүрсемде,
Анамдай алтын таппадым,
Келеді әр кез ақ сүтін,
Аялап мәңгі ақтағым.
Асқар таудай әкемнің,
Бар ақылын жаттадым




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу