Өлеңдер ✍️

  23.05.2022
  71


Автор: Ерлан Рымбек

Ақынов Серік Қабденұлына

Көңілі кең, көк жайлау Серік аға,
Арнайын жыр шумағын теріп аға.
Жүрегім елжіреп отырмын ғой,
Балаңдай құшағыңа еніп аға.
Мейіріміңе бөленіп жатсамдағы,
Көңіліңнің тереңінет батсамдағы.
Сіз мен үшін әкемнің келбетіндей,
Күнге ұқсатам күліп тұрған аспандағы.
Білмеймін сізге нені тілерімді,
Берейін бе әлде жұлып жүрегімді.
Өйткені ақылыңнан нәр алып,
Сіз арқылы ұмыттым түнеруді.
Езілмесін елжіреп жүрегіңіз,
Біз боламыз қиналғанда тірегіңіз.
Бір ғасырдың ауылына жетсе деп,
Бір Аллаға дұға етіп жүреміз біз.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу