Өлеңдер ✍️

  23.05.2022
  107


Автор: Ерлан Рымбек

Ақынов Қабден

Дара бейне,халқымның қыранысың,
Сіз дегенде елжіреп тұрады ішім
Тегін емес тектілікті,Қабден аға,
Мән-жайыңды шәкірттер ұғады шын
Ортасында Ұлы той базарының,
Сіз дегенде тыншымай жазарым мың.
Тағдырыңмен бетпе-бет арпалыстың,
Ұстазы болған асыл қазағымның.
Өміріңе көз жіберсем батырсың,
Мектебіңе пана болар шатырсың.
Қандай қызық дүниелер болса да,
Үнсіз аға жер қойнында жатырсың.
Сіз туралы жырлар жазса ақындар,
Жас ұрпаққа бейнеңіз бар жарқылдар.
Сіз болсаңыз «Қаһарманы халықтың»
Мұндай атақ берілуге хақың бар.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу