Өлеңдер ✍️

  23.05.2022
  93


Автор: Ерлан Рымбек

Бақыт деген не?

Бақыт деген не?
Бақыт деген, бір Аллам,Рахымды әрі мейрімді,
Ұмытпаймын Анашым,сенің берген сыйыңды.
Тоғыз айдай қиналып құрсағыңда көтеріп,
Әкелдің ғой өмірге ақын жанды ұлыңды.
Бақыт деген Әкешім,еш бір жанға жетпейтін,
Ақ батасын ақ жолғып,тұлпарымды ерттейтін.
Бақыт деген отбасым,сүйген жарым,сәбиім,
Бар байлығым осылар өзегімді өртейтін.
Бақыт деген аға-інім жанға жылу туысым,
Туған жерім Ақбұлақ өмірімнің нұрысың.
Бақыт деген,ел-жұртым,көңілі ақ, көк жайлау,
Қымбат маған Семейім,Ертісім мен Шығысым.
Осылардың бірінен қалсам егер көз жазып.
Жанарыма жас толып тарылады тынысым.
Бақыт деген,бір күндік Алла сыйы жарығым,
Жарығымды пір тұтып өмірімді таныдым.
Ақ қаламды қолыма па,өрнектейін өлеңмен,
Бақыт деген ол менің,нұрға толы тағдырым.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу