Өлеңдер ✍️

  23.05.2022
  120


Автор: Ерлан Рымбек

Аяулы асыл анама

Қолымнан ұстап сен алғаш,
Мектепке өзің апардың.
Сол сәтті қайтып көре алмас,
Жаным тулап жатыр мың.
Анашым менің ақылшым,
Мен үшін сен батырсың.
Елуге аяқ бассамда,
Алаңдап әлі жатырсың.
Бұршақтай сенің жүрегің,
Дейсің-ау ана білемін.
Қанша таудай болсақта,
Төрт ботаңның бірі едім.
Менде анашым білемін,
Біз үшін таза жүрегің.
Алладан сұрап қол жайып,
Саулығыңды тіледім.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу