Өлеңдер ✍️

  23.05.2022
  127


Автор: Ерлан Рымбек

Ұстазымыз Несіптай Нұрымханов рухына

Несіптай аға!
Мен емес жүрегім сіз деп сөйлейді,
Сөйлемесем көңіл құрғыр көнбейді.
Мейріміңіз жанып тұрған бір шырақ,
Сол шырақты аңсап өмір шөлдейді.
Сіз мұңысыз аңсап күткен халықтың,
Сіз нұрысыз сәулесіндей шабыттың.
Бұл өмірде білім алып жыр жазып,
Сіз арқылы мен өзімді таныппын.
Біз өмірдің заңына бағынамыз,
Уақыт келсе қапаланып зарығамыз.
Жақсы адам кеткен кезде келместікке,
Жыр жазып оңашады сағынамыз
Жақсы ұстаз мектептің ол жүрегі,
Бұл нақыл сөз Алтынсарин үні еді.
Шәкіртіне білім балын татқызса.
Ондай жандар мәңгі өмір сүреді.
Ұстаз жайлы айта алмаймыз тауысып,
Шәкірттерің жүр ғой айтып жарысып.
Сол бір үлкен сауабыңыз нұр болып,
Жатқан шығар,рухыңызбен қауышып
Әрі ұстаз, әрі басшы ағамыз,
Атқарыңдар деп айтушы ед «адал іс».
Ар намысты қайрап кейде қоятын,
Жүрегінде жатқандай бір дара күш.
Әзілімен достықтыда үзбейтін,
Ата-анама дос болсада сіз дейтін.
Біздің үйге келе қалса болғаны,
Анамның ыстық нанын іздейтін.
Шақыратын кел деп үйге «шайға» деп
Келмесеңіз өкінесіз ойла деп.
Барған сәтте әзілімен сұрайтын,
Анама, ыстық наның қайда деп?.
Он жыл өтті жүрегімде қалды үміт,
Бір үніңіз шығарма деп жаңғырып.
Бар білерім біргесіздер әрқашан,
Тұрсынжамал апайменен мәңгілік
Мен көзімін ашылмаған бұлақтың,
Не екенін білмей өскен сынақтың.
Бір ғасыр жасаймын деп жүргенде,
Тағдырыңды шешеді екен, бір-ақ күн.
Ой теңіздің тұнығында тілерім,
Сөйлеп тұр ғой сіз деп соққан жүрегім.
Жан-ұяңыз аман болсын деп бүгін,
Бір Алладан дұға тілеп жүремін
Мен үшін құламаған шынарсыз,
Дүниеде таусылмайтын жыр-әнсіз.
Сізге арнап осы жазған өлеңді,
Тым болмаса бір тамшсысын ұғарсыз
Жан-ұяда болсын әр кез қуаныш,
Бақ тілеймін жүрсемдағы тым алыс.
Отбасыңыз аман есен жүрсін деп,
Жаудырамын осы жырмен мың алғыс
Айтарым тек жақсыларды ұмытпалық,
Бір минут еске алайық тұрып халық.
Есімін айтар болсам дара жанның,
Несіптай ағамыз ол Нұрымханов.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу