Өлеңдер ✍️

  23.05.2022
  91


Автор: Ерлан Рымбек

Адасып қалмау үшін тегімнен...

Адасып қалмау үшін тегімнен.
Аласымды алмасамда өмірден,
Жүрегім тілініп кетседағы,
Өкпе артып назданбаймын тегі мен.
Сөгу үшін келгенім жоқ сендерді,
Орын алып бермесеңде төріңнен.
Бар білерім алдарыңда ел-жұртым,
Өлшенбейді қадірім күш шеніммен.
Осы өмірдің өзінен сабақ алдым,
Дала қарт домбыраның шегінен.
Ауылымнан бір адам келе қалса,
Құшақ жайып қарсы аламын кеңінен
Адамдар бар не түрлі кінә тағып,
Сыртымнан көр тышқандай кемірген.
Бір Аллаға аян ғой тағдырымның,
Тараулары тұрары қанша бөлімнен.
Ең бастысы Тәңіріме табынып,
Ақ батасын алсам деп ем елімнен.
Тілегіңе орын алып қояйын,
Жыр жазылған жүрегімнің төрінен.
Оңашада ой буып,өлең өріп,
Қараймын өздеріңе сеніммен.
Ал әзірше топ жазбастан келемін,
Адасып қалмау үшін тегімнен.
Өз тілімде жырлап бүгін өтермін
Ай қай заман мына заман бұлдыр заман,
Қазақтан тілді ұрлаған, дінді ұрлаған.
Ел болам десең түзе бесігіңді,
Әйтпесе болашағың бұлдыр маған.
Баланың сағын дұрыс сындырмаған???
Аманбысың қандастарым қазағым,
Сендерге арнап наз мұңымды жазамын.
Құлдық сезім өткеніме сүйектен,
Сол бір жайды ойлап кетсем азамын.
Көздеріңнен жас емес қан ағызып,
Тартпаңдаршы өзге тілдің азабын.
Ана тілің үстем болып әрқашан,
Бауырларым тарқамасын базарың,
Өз тілімде жырлап бүгін өтермін,
Сыр беріп келсе де ертең ажалым.
Жүрегімде ән ұраным барында,
Өз ұлтымның рухын жырмен қазамын




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу