Өлеңдер ✍️

  23.05.2022
  111


Автор: Ерлан Рымбек

Тоқсандағы қарттың достарын іздеп мұң шаққаны

Міне бүгін тоқсанға келіп қалдым
Кім білген бұл жалғанда ерік барын
Достарымның бәрі кетті дәм таусылып
Ал мен болсам құдай-ау неғып қалдым
Тілек айтар достарымда қалмады
Әкетті іліп қияметтің қармағы
Бірімізге-біріміз тірек болу
Болып еді бәрінің де арманы
Стол жасап міне жалғыз отырмын,
Осы күнде доссыз тағы отыр кім.
Көзім көріп көрмеймін бірақ достарды
Оңашада отырған бір соқырмын
Отырма мекен ол жақта олар табысып
Әзілдерін ортаға сап жарысып
Мен отырмын тілек айтып сағынып
Басқалардың достығының бағы үшін
Сыныптастар достықты бағалайық
Бірімізге немқұрайлық қарамайық
Тірімізде әркездері барымызды
Қолымыздан келгенше аямайық
Сыптастар қадірлейік достықты
Еске алып балалықты жастықты
Өйткені бес күндік жалғанда
Әзілімен жарасқан тек дос мықты




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу