Өлеңдер ✍️

  23.05.2022
  78


Автор: Ерлан Рымбек

Ішіңізде бір сыр жатыр тілші қыз...

Ішіңізде бір сыр жатыр тілші қыз,
Неге сонша мұңға батып жүрсіңіз.
Білмес едім,-қанат қағып төбемнен,
Хабар берді жүректегі жыршы құс.
Бұлт қабағың ашылсын шуақтансын,
Жүрегіңнен бір бақыт тұрақ тапсын.
Сіздей сұлу аруды бұл жалғанда,
Сезімсіздер өксітіп жылатпасын.
Ұнатамын мен сізді ұнатамын,
Сіз дегенде ыстық сезім жырлатады.
Сыйлағым-ақ келеді жүректегі,
Әлемдегі ең жақсы гүл атауын.
Қиналған бір сәттерім болған кезде,
Сізді ойлап өзімді жұбатамын.
Іштегі жазықсыз жан сырымды,
Осы түнде өзіңізге ұрлатамын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу