Өлеңдер ✍️

  23.05.2022
  512


Автор: Ерлан Рымбек

Әжетайым

Әжетайым жанарыңның тұнығыңнан нәр алдым,
Сен күн болсаң,шуағың боп жаралдым.
Суретіңді әр бір жанға көрсетіп,
Тамсандырып айтамын,анасы деп анамның.
Әжетайым өзегімді өртеп барат қарттығың,
Қарттығыңнан сарқылғандай шаттығым.
Той думанда ақ батаңды бергенде,
Анамның анасы деп шалқыдым.
Әжетайым өзіңменен тұрсын әр кез таң күліп,
Мен өзіңді жыр етейін бар әлемге ән қылып,
Жылдар өтсін,ғасырлар немереңмін,
Өйткені,анамның анасы сен мәңгілік.
Әжетайым мамық қардай ақ шашыңда сейілді,
Саған қарап өсе берсін ұрпақтарың кейінгі.
Алланың нұрына бөлене бер әжетай,,
Анамның анасы сен мейрімді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу