Өлеңдер ✍️

  23.05.2022
  85


Автор: Ерлан Рымбек

Жалындап кеткен сезімді

Жалындап кеткен сезімді
Қалай ғана өшіремін?
Маржандап терген сөзімді
Дәптеріме көшіремін.
Бұл не?
Жанып тұрған махаббат па?
Әлде тағдырдан жеген шапалақ па?
Шапалақ болса, арты оның айналса екен
Бақытты өмір шапағатқа.
Өз ойым, өзіме мәлім баспанам,
Сол ойымды жеткізуге жасқанам.
Бар өмірім тек сізге арналғандай
Жүрегімде тербеледі асқақ ән.
Кешіріңіз, сөндіру қиын сезімді,
Ұмыта алман жұмсам-ашсам көзімді.
Білмеймін, дәлелдеп қалай жеткізем
Іштегі жапырақтай сезімді.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу