Өлеңдер ✍️

  23.05.2022
  145


Автор: Ерлан Рымбек

Ғасырдан ғасыр аңыз болған махаббат...

Ғасырдан ғасыр аңыз болған махаббат,
Махаббатты қандай жандар атамақ?
Бақытты өмір сүріп жатса біреулер,
Бақыты үшін жүргендер бар қаталап.
Бақыт деген – бір күндік ол жарығым,
Бақыт деген – ата-анам, тағдырым.
Сол жарықтың сәулесі өзің деп
Өзіңді ойлап қарсы аламын таң нұрын.
Амансыз ба, сүйіктім, амансыз ба,
Бір сөз айтсам өкпелеп қаларсыз ба?
Жаныма батқан дертім, батқан қайғым,
Сол қайғымның жұмбағын табарсыз ба?..
Сізге деген махаббатым –
Жалындаған жүректегі шапағатым.
Менің өшпес сезімімде ұраным бар,
Ол ұраным “Махаббат” деп аталатын.
Бәлкім маған көңіліңіз өкпелі,
Мен ренжімен, оңды-солды сөк мені.
Тек сізден өтініп бір сұрарым –
Махаббат не, сөнбейтұғын өрт пе еді?..
Қайтемін мынау сағыныштың қыспағын,
Сездірдіңіз сезімде үлкен күш барын.
Сіз арқылы білдім, міне, асыл ән,
Көңілімнің бұлтын жарып ұшқанын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу