Өлеңдер ✍️

  23.05.2022
  68


Автор: Ерлан Рымбек

Тереңіне көзіңнің

Тереңіне көзіңнің
Бір көргеннен батыппын,
Толқыған ғашық сезімнің
Түбінде тас боп жатыппын.
Махаббат – ол шөп емес даладағы,
Қазір өртеп, тез сөндіре салатын.
Махаббат – ол жазылмас жара-дағы,
Жүрегіңде мәңгі дақ боп қалатын.
Ажырасар күнімізді кім біліпті,
Айырғанмен бұл тағдыр кімді ұтты?
Сүйем деген бір ауыз сөзді ғана
Санамызға екеуміздің сіңдіріпті.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу