Өлеңдер ✍️

  23.05.2022
  122


Автор: Ерлан Рымбек

Қыз-келіншектерге өсиет

Ау, аналар ақылынан адаспаған,
Шаңырағынды шайқалтпай таза ұстаған.
Дүние үшін арыңды сатқанменен,
Ашылмас көңілдегі қара аспаның.
Ойлаңдаршы, мұсылман қазағым-ай,
Түспеңдерші отына тозағындай.
Әрбір жастың басына бақыт тілеп
Осы жырды жар етіп жазамын-ай.
Шайқалмасын деп бүгін шаңырағың,
Жүректегі запыранды қазамын-ай.
Есімізден адасып дінді ұмыттық,
Күнә жасап, айтыңдаршы, кімді ұттық?
Қыз-келіншек шылым шегіп жүр бүгін
Ана деген ар атына кір жуытып.
Заманға сай өмір сүру, керек дейді келіншек,
Намаз оқып қол жаюға неге олар еріншек?
Бұрынғыша өмірден қорлық көрген жан бар ма,
Салт-дәстүрден кеткен емес қазақ деген елім шет.
Кәпірше өмір сүрем деп дінімізді ұмыттық,
Ерлерінің көзіне шөп салуға құнықтық.
Ауру ма, әдет пе, зинақорлық болуда,
Басқа ерден ләззат алу, бәлкім, болар тым ыстық.
Бір күндік ләззат болса ермегің -
Өзіңді өзің малға теңеп бергенің.
Байлық пен ақшаға құмар болсаң –
Ібілістің жолында онда өлгенің.
Сөнбейікші түнгі аспан жұлдызындай,
Шаңырағың кетпесін тұрғызылмай.
Ібілістің көңілін тауып алып,
Айтыңдаршы, кетті екен кім бұзылмай?..
Өтірік айту ер алдында жараспайды,
Ибалы әйел ерімен санаспайды.
Басқаларға бақыт тілеп жүрген болсаң,
Алла өзі кеп басыңды аластайды.
Дініңе берік болсаң, хадисті ойлап,
Жанұяңда ешқашан болмас қайғы.
Пайғамбардың үмбетін таза ұстасаң –
Шайтан келіп бағыңмен таласпайды.
Ажырасу оңай ғой біле-білсең,
Ашу келсе «Алла» де үнемі сен.
Кәлимаға келгенің дұрыс болад,
Егер өзің дұрыс өмір сүре білсең.
Ажырасу деген - үлкен күнә ғой,
Сол күнәнің зынданында қамалып мұң боп тұрады ой.
Ұстай алмай өзіңді бара жатсаң –
Көңіліңді бір мезгіл кәлимаға бұра ғой!
Бір күндік ләззатпенен жаныңды сен жылатпа,
Дүние үшін абыройыңды, ар-ұятыңды құрытпа.
Әрбір басқан қадамыңды таразыға салатын
Құдайдың да бар екенін ұмытпа!
Шарапқұмар болса егер, еріңнің
Жазасын берсін Алла тегінің.
Бірақ, шарап не екенін білмесе ол,
Баласынан өш ала ма керіліп?
Түсінбеймін қазіргі осы әйелді,
Сонда оның, айтыңдаршы, тегі кім?!
Неге аналар баласын ойламайды,
Басқаны ма маңдайын сорға майлы?
Қуанышын бөлісіп әкесімен,
Неге бірге бақытын тойламайды?
“Әкесі жоқ жетім бұл” деген сөз де
Баласының басына түскен ол да қайғы.
Ал, баланың не жазығы бар еді?
Әкесінің жалғыз жүрек, жаны еді.
Жалғыз қызын қайғы отына күйдіріп
Анасы жүр жазықсыздан зар етіп.
Бір ауыз сөз айтып еді “кет” деген,
Жиналып ап кетті әйел ертемен.
Саусағын да тигізбеген жан еді ер,
Осы екен ғой өмірдегі шек деген!
Қамшының ұшын жеген жандар да
Баласын, арын ойлап кетпеген.
Қорықпайды қазіргі жас Құдайдан,
Қайтпайды неге шайтан-ашу райынан?
“Сабыр түбі – сары алтын” деген сөзді
Есіңе ал не де болса, шырайлан.
Еріңнің сен барында
Жүрегіңді кірлетпегін,
Бір Алланың алдында
Жүргеніңді білмеп пе едің?
Ойыңды бөліп иманға,
Дініңді сен тілдетпегін.
Мұсылмандық парызды ойлап,
Қосағыңмен бірге өткергін!
Ибалы ел болайықшы, қапы қалмай,
Намазға бел буайық жатып алмай.
Жұмақтың төрін егер көрем десең
Жүрейік тозақтың да артын ойлай.
Сондықтан да айтарым сол, кәлимаңды ұмытпа,
Алла сөзін жүрегіңнің түбінде сен ұлықта.
Бәріміз де ойлайық баланың ерте тағдырын,
Обалына қалмайық, кетпейікші ұйықтап!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу