Өлеңдер ✍️

  23.05.2022
  108


Автор: Ерлан Рымбек

Жүйкемді менің құртты ғой үнсіз махаббат...

Жүйкемді менің құртты ғой үнсіз махаббат,
Өзі неткен құбылыс, өзі неткен қаталақ?
Басымдағы бағымды алып кетіп,
Жегізді тағдыр, жегізді қатты шапалақ.
Жүйкемді менің тоздырды үнсіз махаббат,
Жүргендеймін мәз өмірге қаталап.
Жанұямды менен мәңгі әкетіп,
Қайтаруға қандай менен ақы алад?..
Санамды менің сарғайтып сары махаббат,
Қайғының жүгін қашанғы жүрем арқалап?
Сегіз жыл тұрған бақытым бір-ақ күнде кеткенмен,
Келмейді қайтып, келмейді енді қайталап




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу