Өлеңдер ✍️

  23.05.2022
  80


Автор: Ерлан Рымбек

Сеніменен бірге азабым, бірге бағым...

Сеніменен бірге азабым, бірге бағым,
Бойыңда тек қауласын күнде жалын.
Махаббат деген мынау құдіреттің
Қасиетін құлатып жүрме, жаным.
Мен сезімнің ордасын ашамын да,
Бір өзіңе ынтығып басам жырға.
Есігімді біреулер қағып тұрса,
Келіп тұрған сен екен деп ашам мыңға.
Сен менің сезімімді таппадың ба
Сағыныштан аласұрған шақтарымда?
Қозы менен Баяндай сыр айтушы едік
Ғашықтардың таңғы шуақ шапағында.
Бойыңдағы сезімің тұрсын жанып,
Сүю деген не екенін білсін халық.
Соқсын мәңгі мен үшін, соқсын шексіз
Нәзік гүлдей жүрегің дүрсіл қағып




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу