Өлеңдер ✍️

  23.05.2022
  141


Автор: Ерлан Рымбек

Аяулы анашым

Аяулы анашым,
Мен үшін дарасың.
Арманым өзің боп,
Жыр болып қаласың.
Есейіп кетсем де
Көңілім тек сенде,
Мен саған қарызбын
Жыр жазып өтсем де.
Анашым, ақ таңым,
Жанымды баптадың.
Жүзіңді бір көрмей
Рахатқа батпадым.
Мен жатқан бесігім
Тағы ашты есігін,
Жатыр ғой күлімдеп
Немерең көсіліп.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу