Өлеңдер ✍️

  23.05.2022
  122


Автор: Ерлан Рымбек

Телефон сыры

Сені есіме алып
Телефонға бардым,
Сым бойында қаңғып
Бір өзіңсіз қалдым.
Нөміріңді бұрап
Күнім менен түнім,
Сағыныштан жырлап
Сырымды айтам бүгін.
Көз алдымда бейнең,
Құшсам от боп жанад.
Ақ көйлегің киген
Құстай ұшып барад.
Аққу жүзген көлден
Сені іздедім мәңгі,
Кеттің алдап бірден
Үзіп және әнді.
Үнсіз көзден жасым
Алақанға тамды,
Неге бақсыз басым
Жамылып тұр қайғы?




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу