Өлеңдер ✍️

  23.05.2022
  114


Автор: Ерлан Рымбек

Біз жүрміз алтын уақыт кемесінде...

Біз жүрміз алтын уақыт кемесінде,
Бір тағдырдың жазуына көнесің де.
Өміріңнің қадірін түсінбесең,
Білмей және өзіңді кетесің де.
Таусылып бара жатыр көз көргендер,
Өлмес күнге ынтығып сөз бергендер.
Жүрсе де жұмыр жердің бақшасында
Бақытты болған емес кез-келгендер.
Өзімді ақынмын деп санамаймын,
Өйткені, өлең сөзге шала баймын.
Ақын деп біреу мені мақтап жатса
Сөзі түгіл, көзіне қарамаймын.
Күні-түні жыр өріп жатсам-дағы,
Бұл өнердің дәмі деп бағалаймын.
Жүрсем де алтын уақыт кемесінде,
Ақындықты қуған жан емеспін де.
Мен өлеңнің бақшасында жүрсем-дағы,
Ұқсатамын қиялды елес күнге.
Көзді жұмсам болғаны шабыт келіп,
Итереді жол сілтеп өлмес күнге.
Мен үшін ақын болу әлі ерте,
Ол үшін жету керек әділетке.
Жасым отыз екіге келсе-дағы,
Толмаған баладаймын кәмелетке.
Өлең бойға күш болып енсе-дағы,
Ұшып жүрген сияқты жаным көкте.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу