Өлеңдер ✍️

  23.05.2022
  128


Автор: Ерлан Рымбек

Ғашықтар хаты

Енді сенен хат келмейді,
Енді менен хат бармайды сен жаққа.
Тек жыр ғана әттең дейді,
Тек ән ғана аспандайды сен жаққа.
Көктем еді кездестірген,
Көңілімді көтергенде сырлас үн.
Тек ертерек сезбеппін мен
Бұл өмірдің қуаныштан тұрмасын.
Тұр терезе, тұр сол есік
Сонау бір кез мен кіруге жасқанған.
Жоқсың өзің, амал нешік,
Онда қазір басқа ғашық, басқа арман.
Бөлек өмір сүрейікші,
Ал, аман бол, ай маңдайлы, ақ білек.
Жұмыр жерде жүрейікші
Біріміз бірімізге бақ тілеп.
Біз алғаш достасқанда
Базарлы бал күн еді,
Біз алғаш қоштасқанда
Құралай салқыны еді.
Сен едің жан тілегі,
Есіңе алшы мені.
Іркілген жанарларда
Махаббат тамшы ма еді?..




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу