Өлеңдер ✍️

  23.05.2022
  151


Автор: Ерлан Рымбек

Туған жерім

Әміренің әндерінен таралған
Туған елім, туған жерім Ақбұлақ.
Көңілімде ауылым тұр бар арман
Тұрса екен деп ай мен күндей жарқырап.
Аналар тұр көз жасынан шаршаған,
О, заман-ай, қайда әкеліп соқтырдың?
Көшіп жатыр жерін тастап қанша адам,
Кеше жүрген бауырларым жоқ бүгін.
Қайда жүрсең аман бол тек, бауырым,
Өзің кетсең ізің қалар табаннан.
Жұмыр жерге тимесін тек жауырын
Деп батасын береді ғой әр адам.
Армансыз өткен адам бар ма,
Жыр жазбаған қалам бар ма?
Ән жазамын мың толғанып
Туған жерде қалғандарға.
Жүрегімнің түбінде бір ән жатыр
Әміренің әндеріне қосылып.
Еліңді ойла, жеріңді ойла, қал, батыр,
Туған жерден артық жер жоқ, осыны ұқ.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу