Өлеңдер ✍️

  23.05.2022
  88


Автор: Ерлан Рымбек

Өткен күндер

Өткен күндер қелместің шанасы ма,
Ғашықтардың емсіз дерт-жарасы ма?
Өзіңді аңсап, жаным-ау, талықсысам,
Құшағыңды сен келіп жаясың ба?
Біз екеуміз айдында шуақтанып
Жүруші едік қос аққу сияқтанып,
Сен кеткелі жырларым өзің болып
Жүрегімнің төрінде тұрақтады.
Жанарыма сен менің жас тұндырып,
Кеттің жанның жарасын асқындырып.
Жүрегіміз айнымас егіздей деп
Жүрек құлпын өзгеге аштың күліп.
Қайырмасы:
Қайтып келер махаббат жыл құстары,
Қайтып жанар айлы аспан жұлдыздары
Қосылмаған ғашықтар қол ұстасып,
Қайтып келер қос аққу ұл қыздары.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу