Өлеңдер ✍️

  23.05.2022
  103


Автор: Ерлан Рымбек

Жүрегім - менің от жалын

Жүрегім менің от-жалын,
Кім білед оның тоқтарын.
Мына жарық дүниеде
Мүмкін емес соқпауың.
Ойнақ салып кеудемде
Жан дүнием терлеуде,
Бар-жоғы менде бір жүрек,
Хақым жоқ оған сенбеуге.
Әлсіреп қалса мотордай,
Бергенім жоқ жөндеуге.
Ұзын сөздің қысқасы,
Бергенім жоқ емдеуге.
Соға берші, жүрегім,
Сенен осы тілерім.
Шаттықпен күліп өмірде,
Ыстығыңа сіңемін.
Бір дертке ұшырасам, бұл күнде мен
Көз жасымды жасырам күлкімменен.
Жазғанымның бір жері ұнамаса -
Күнді өткізем дәптерімді жыртуменен.
Қайтемін, көнемін де тағдырыма,
Айналып шуақты күн, таң нұрына.
Өмірдің әр қадамы қымбат маған
Шомылып кетсем де мұң жаңбырына.
Қандай үміт күтемін бүгінгі елден,
Бүгінгі елден жүректері тілімделген?
Мынау нарық заманның қасіретінен
Бар ма адам баласы сүрінбеге




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу