Өлеңдер ✍️

  23.05.2022
  119


Автор: Ерлан Рымбек

Тыңда сен, бала, анаңды

Тыңда сен, бала, анаңды,
Жүректе тұнған ақ әнді.
Бір анаң емдер ақ сүтпен
Жаныңа батқан жараңды.
Тыңда сен ана әлдиін,
Ол сенің сазды ән-күйің.
Бесікке бөлеп тербетсе,
Бар ма одан артық мәнді үйің?..
Аналық мейір көңілмен
Жүректен жырым төгілген.
Бесікте сені әлдилеп,
Өскенде өлең өрілген.
Қайырмасы:
Қанатың, бала, талмасын,
Арманың асқақ самғасын.
Бір Алла жар боп жаныңда,
Көңілді кірбің шалмасын!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу