Өлеңдер ✍️

  23.05.2022
  86


Автор: Ерлан Рымбек

Сенсің ғой менің қос аққудай сыңарым...

Сенсің ғой менің қос аққудай сыңарым,
Ай менен күндей сәуле шашқан шырағым.
Сенсің ғой менің аяулым, асыл арманым,
Сезімнен сел боп серпіле аққан бұлағым.
Сенсің ғой менің мәңгілік күткен нұр бағым,
Толқыды көңіл, шалқыды шалқар жырларым.
Жүрегім менің – қонақ үй, жаным – қазына,
Төгілді саған, өрілді өлең-сырларым.
Сенсің ғой менің гүл нәзік жаным, тәтті әнім,
Сенсіз жоқ менің бақытты болар шақтарым.
Сенсің ғой менің үзілмес мәңгі үмітім,
Сенсің ғой менің нұрланып атар ақ таңым.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу