Өлеңдер ✍️

  23.05.2022
  102


Автор: Ерлан Рымбек

Қос қарындасым...

Өмірім орман от болып,
Өзегім жанып шоқ болып
Бесіктен шықпай кеттіңдер,
Қос қарындасым, жоқ болып.
Көрместен жолдың қатпарын
Өмірдің балын татпадың.
Бесікте жатып шырылдап,
Таралмай кетті-ау шаштарың…
Таусылмайтын тағдыр бар,
Жалғанда сөндім-жандым бар.
Аңсаған сәтте қамығып
Көзімнен жас боп тамдыңдар.
Бесікте бітіп арманың,
Сөнді ғой өмір шамдарың.
Әкетті іліп сендерді
Ажалдың арсыз қармағы…




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу