Өлеңдер ✍️

  23.05.2022
  67


Автор: Мұрат Шаймаран

Жыр жазамын

Айдың аппақ сəулесінде,
Шолақ орындық, шолақ шам.
Жүрегімнің əуресімен,
Жыр жазамын мен ақшам.
Кекке уланған керіс кеуде,
Дауа қайда,
Кім емдер?!
Жын ба, əлде періште ме,
Сыбырлайды біреулер.
“Қара таста бар ма сезім?”
(Тапқанын-ай білгішті.)
Айт дейді олар Алла сөзін,
Құдіреті тым күшті:
Зағип заман, ақкөз жарғың
Мақұл емес екенін.
Сол бəйітші Гомор шалдың
Соқыр емес екенін...
Сенен өзге жақыным кім,
Раббым, саған жүгіндім.
Сенің тентек ақыныңмын,
Жəне момын құлыңмын.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу