Өлеңдер ✍️

  23.05.2022
  88


Автор: Мұрат Шаймаран

Жырым менің-домбыра

Күй бастадың бір мұңды,
Ойға баттым тым ауыр.
Дыбыстарға күмбірлі,
Тұтқындалды бұла жыр.
Мың үздігіп, мың алқып,
Маң қиялға жол ашқан.
Көз алдымда мұнартып,
Тұрып алды көк аспан.
Тамырымда шымырлап,
У боп қанға жайылды.
Мені арбаған бір ырғақ,
Солбір ырғақ байырғы.
Өксігенде бір əуен,
Жаспен жудым бетімді.
Мен боп сонда бұл əлем,
Жылап тұрған секілді.
Талантқа жол бұраң,
Арпалысып батар күн.
Сен болмасаң, домбырам,
Мен сақаумын, сақаумын...
Дүниенің жұмбағы,
Шанағыңда шешілген.


Сен тұрғанда,
жынданып
Ақын болдым несін мен?!
Əлқисса айтып берсем деп,
Өрт боп жанып өзегім.
Күттім қанша мен сен боп,
Бір сөйлеудің кезегін...
Жырым менің – домбыра,
Сен өмірдің күйісің.
Тұратұғын бұрқырап,
Қорғасынның иісі...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу