Өлеңдер ✍️

  23.05.2022
  68


Автор: Мұрат Шаймаран

Тұрады бір сөз

Таусылып түгер өмірдің соңғы тұсында,
Өсиетімдей көрінген –
Тұрады бір сөз тілімнің ғана ұшында,
Айта алман қазір оны мен.
Сол сөзді туған даламнан ұқтым кеше мен,
Алжыған ойға ес бітті!
Ауырлап барып қара жерге бауырын төсеген,
Қобыздың үні естіртті.
Көне бір елес жанымды қанша жылытады?!
Іңкəрмін, əйтеу, мен оған.
Естідім оны тұяғынан ұшқан тұлпардың,
Мүжіліп біткен тағадан.
Сол сөзді ана – аспаннан ұқтым тағы мен,
Жұлдызы сынық, күні өлген.
Сол сөзді ана – бұлттардан ұқтым тағы мен,
Шаштарын жайып жіберген.
Əуенді аулап жол шектім азап ішінде,
Қалғаны мүлдем жоқ есте.
Сол сөзді –
Менің бейуақта көрген түсімде,
Шырылдап айтты нəрестем...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу