Өлеңдер ✍️

  23.05.2022
  94


Автор: Мұрат Шаймаран

Алып келе жатыр маған түн хабар

Алып келе жатыр маған түн хабар,
Мен білмеймін, кімдер өшіп, кім қалар?!
Ыстық маған туған аспан жұлдызы –
Жаутаңдаған мың жанар.
Мұңды əніне бөлеп туған даланы,
Түстік жаққа қайтқан күзгі тырналар.
Тал-теректен төгілген сары жапырақ –
Арулардан қалған алтын сырғалар.
Ыстық маған ала кеуім ақшамда,
Қыр басынан көрінетін тұлғалар.
Жылғадағы сыңғыр-сыңғыр бұлақтан,
Таныс бір үн естіледі құлаққа.
Жылт-жылт еткен алыс ауыл оттары,
Ыстық маған күннен қалған шуақтан.
Терезелер өлеусіреп шам жанған,
Уақыт табы қалған ескі қорғандар,
Арғымағы ауыздықпен алысып,
Жолаушылар суыт өткен шаң жолдар.
Ыстық маған күлкісінен əрдайым,
Күрсінісі көрінетін сол жандар...
Жетімек ұл жылу тілеп іңірден,
Əлденені отырады күбірлеп.
Соның бəрін айтып берем ғаламға,
Жусан исі сіңген ащы жырыммен.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу