Өлеңдер ✍️

  23.05.2022
  135


Автор: Мұрат Шаймаран

Таңғы шықтай мөлдіреген махаббат

Қараша айы,
Менің туған жерімде,
Меруерт пе көк аспаннан себілген?!
Таңғы шықтай мөлдіреген махаббат!
Ол кездері он сегізде едім мен.
Қандай ғажап еді онда таңғы нұр,
Өтті дəурен,
Бəрі де алыс қалды бір.
Тұрушы еді боз жусанға шық қонып,
Тұрушы еді мөлт-мөлт етіп бар ғұмыр.
Таңғы шықтай мөлдір кезің ол сенің,
Албырт кезім қиялшаң һəм еңселі.
Əлсін-əлсін бір сөзіңді қайталап,
«Күтем сені!» деуші едің...
Кеттім кезіп тау мен дала, өзенді,
Шөлім қанбай сонда да ернім кезерді.
Таңғы шықтай мөлдіреген махаббат,
Таңғы шықтай тез өлді...
Мен мезгілге алдым бəрін ұрлатып,
Таңғы шықтай мөлдіреген, махаббат!
Жүрегімде бір түйір мұз тұр қатып...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу