Өлеңдер ✍️

  23.05.2022
  75


Автор: Мұрат Шаймаран

Арман

Мені күтіп тұрғандайын бақтар сан,
Өзімді-өзім ебіл-дебіл ақтарсам.
Анау көше, қара нөпір адамның,
Арасына кірсем дағы жоқ болсам.
Сосын барып өзімді-өзім ұмытсам,
Күйкі күннен көңілімді суытсам.
Қалтылдаған көше шырақтарына,
Қалтыраған жүрегімді жылытсам.
Бар иісті басып түсіп бұл маңға,
Жетсе самал мен аңсаған қырлардан.
Мен тамсанған əрбір сұлу қыздардың,
Жанарында жайнап тұрса нұрлы арман.
Хор қызындай тым тəкəппар ол да аса,
Мені ешбір кəперіне алмаса.
Біріне де тіл қата алмай солардың,
Таң алдында қайтсам үйге далбаса.
Бұл-бұл ұшып жаз күндерім бастан бұл,
Мен боп сонда мұңға батса аспан кіл.
Ал, ертесі төсегімде аһ ұрып,
Не ауру, не сау емес жатсам бір...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу