Өлеңдер ✍️

  23.05.2022
  132


Автор: Мұрат Шаймаран

Егіз ғұмыр

Қаңғыбас бұлт сүйейді тауға басын,
Одан өзге сенері болмағасын.
Аласұрған ақ толқын
Қуат көріп –
Аймалайды жағаны құлап келіп.
Таба алмастан еш сабыр,
Тағат, тыным,
Əлденені іздейді сағат тілі...
Жапан кезген жат елде жолаушы да,
Қоналқы аңсап, сандалған болар, сірə?
Жатқан өлке дым тамбай ғасыр жүдеп,
Бір нөсерді күтеді жасыны көп.
Жете алмайтын зəулімнен құлаш ұрып,
Жұлдыз ағып түссе де тым асығып –
Қара жерге мейірімі құламастан,
Мəңгілікке телміріп тұрады аспан...
Бұл тірлікте бəрі де жөн сияқты,
Өйткені, олар мені мен сен сияқты.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу