Өлеңдер ✍️

  23.05.2022
  76


Автор: Мұрат Шаймаран

Тоналу

Жым-жырт қала көшесімен,
Жандарша бір əңгүдік.
Маған келіп кетесің сен,
Елесіңді қалдырып.
Жарық аспан,
Мұңсыз дала,
Тереземнен ай күліп,
Мен қаламын үнсіз ғана,
Əлденеден айрылып.
Бейтаныс бір сезім үдеп,
Жол бермейді матауға.
Бірімізді біріміз кеп,
Тонап жүрміз,
О, тоба!..
Іздеп таппай бір тұрағын,
Жанымда жоқ еш тыным.
Күрсінумен толтырамын,
Көңілімнің бостығын.
Қатал əрі кешірімді,
Жұмбақ еді нағып бұл?!
Таныс бір қол есігімді,
Тағы, міне, қағып тұр.
Бейтаныс бір сезім үдеп,
Жол бермейді матауға.
Бірімізді біріміз кеп,
Тонап жүрміз,
О, тоба..!




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу