Өлеңдер ✍️

  23.05.2022
  63


Автор: Мұрат Шаймаран

Бозаң үміт

Мен отырмын көңілсіз,
Сен отырдың тіл қатпай.
Екеумізде тек үнсіз,
Шешілмейтін жұмбақтай.
Музыка үні үздігіп,
Даңғырлады барабан.
Биге басты қыз-жігіт,
Биге басты бар адам.
Сонау қырда тынбайды,
Кеудемдегі жасындар.
Үміт-күдік тулайды
Мына менің басымда.
Ішілмеді шарап та,
Тұрды бокал у толы.
Тап болдым-ау тағы отқа,
Сорлы жүрек үркеді.
Бозаң тартып тұрды үміт,
Ойға баттым мен бөлек.
Биге тартты бір жігіт,
Сен биледің дөңгелеп.
Мені нұсқап жанарың:
–Қызық, – дедің, – бұл «кісі».
Тек жадымда қалғаны,
Сол жігіттің күлкісі.
Сөнді сезім, кім ие?!
Өзімді-өзім құр алдап.
Бара жатты дүние,
Бұрымыңдай бұлаңдап...




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу