Өлеңдер ✍️

  23.05.2022
  76


Автор: Мұрат Шаймаран

Мазалап мені

Жанымда сыздап жарақат табы,
«Қош!» дедің маған,
Кеттің де жырақ.
Тілейсің білем ішіңнен тағы,
«Бақытты бол!» деп айтпайсың бірақ.
Өзіңді қатал ұстағаныңменен,
Көзіңнен тамшы барады құлап.
Күндерді ойлап баянсыз болған,
Күрсініп қана қоямын мен де.
Ғайып боп кетсе аялсыз арман,
Теңіздей толқып тулайды кеуде.
Құлазып қалды жан дүнием менің
Жолаушы болып қу медиенде.
Тағдырға қандай боларсың сен кез,
Несібең жатыр қаншама жерде?!
Жаныңды сенің жұбатар бір сөз,
Таба алмай-ақ болдым мен əуре.
Жалғыздығымды сезіндім сонда,
Көз жасым менің айналды селге...
Қыз едің балғын, көктемнің желі
Аймалап өтсе, кекілің ойнап.
Басылмай қалған жанымның шөлі,
Отырам сені оңаша ойлап.
Мазалап мені елесің тағы,
Жүрегім, құрғыр, сыздайды бейуақ.




Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Пікір жазу